1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, «Розалия и Эмир» жеке қорының коррекциялық орталығында ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл орталық аутизм және ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалту мен дамытуға бағытталған. Іс-шара “Re.Women” іскер әйелдер қауымдастығының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Венера Нартайқызының бастамасымен өтті.